A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 15:20 0

Өскеменнен Қытай мен Моңғолияға тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін бе?

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан Қытаймен шектесіп жатқанына қарамастан, әлі күнге дейін тікелей әуе қатынасы жоқ. Алайда бұл жағдай жақын арада өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Өскемен-Үрімші және Өскемен-Баян-Өлгей бағыттары бойынша әуе рейстерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.
Үрімші қаласына дейінгі қашықтық - 776 шақырым. Ұшу уақыты шамамен бір жарым сағатты құрайды. 
Қазір Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ірі орталығына тек ауысып ұшу арқылы ғана жетуге болады. Ал автокөлікпен жүру қашықтығы мың шақырымнан асады, жол жүру шамамен 14 сағатқа созылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив