A+ A A-

talgatzhan 35 25-12-2025, 10:00 0

ШҚО-да су қоймалары қайта жаңғыртылады

Бүгін / ШҚО

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдап, онлайн форматта қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында суармалы егіншілікті дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Елдің шығыс өңірлерінде су шаруашылығы инфрақұрылымын ауқымды түрде қайта жаңғыртуға дайындық жүріп жатыр.

– Қазір Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында су қоймаларын, магистральдық және шаруашылықаралық каналдарды толық қалпына келтіру және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Жобаларды әзірлеу келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Біз құрылыс және монтаж жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін бастауды көздеп етеміз. Министрлік пен оған қарасты ұйымдар осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив