Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың түкпір-түкпірінен келген 150 балақай көтеріңкі көңіл күймен би билеп, қуыршақтар қойылымын тамашалап, өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановпен бірге шыршаны айнала ән салды.
Облыс әкімі балаларды құттықтап, өз тілегін жеткізді:
- Қымбатты балалар! Тарихымызды танып, білімге құштар болыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен болашаққа деген сенім тілеймін! - деді ол.
Айта кетейік, жаңажылдық шыршаға қатысқан барлық 150 балаға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат пен тәттілер табысталды.
Пікірлер