Кеше Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 64 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай қаласынан Өскеменге қарай келе жатқан КамАЗ жүргізушісі жылдамдықты сақтамай, ауа райы жағдайын ескермеген. Нәтижесінде рульді басқара алмай, көлік жолдан шығып кетті.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері келді.
Пікірлер