ШҚО Туризм басқармасының мәліметінше, облыс орталығындағы қонақүйлерде орын тапшылығы байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қазір Өскеменге жаңа қонақүйлер қажет. Себебі туристік маусым басталғанда, ірі іс-шаралар өткенде қонақүйлерде орын табылмай жатады. Жуырда Қытайдан 15 млрд теңгеге бес жұлдызды қонақүй салатын инвестор тартылды. Нысанда 150 бөлме болады, - деді басқарма басшысы Ержан Сембинов.
Қазір басқарма қала әкімдігімен бірлесіп, құрылыс орнын анықтауда.
Бұдан бөлек, жергілікті инвестор Hilton Garden Inn атты ірі қонақүй салуды жоспарлап отыр. Оның құны 17 млрд теңгеге бағалануда.
- Бұл жоба қаңтар айында сараптамалық тексеруден өтеді. Ал құрылыс 2026 жылдың бірінші жартысында басталады деп күтілуде, - деді Ержан Сембинов.
Пікірлер