Облыс орталығындағы мұз айдындары туралы ақпаратты қала әкімдігінің өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соградадағы “Titan” мұз айдынында дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жақында конькилерді жалға беру орны ашылады. Мұнда жылынуға арналған оры, дәмхана қызмет көрсететін болады. Мұз айдыны күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
“Самал” саябағындағы коньки тебу алаңы ашылуға дайындалып жатыр. Келушілер конькиді жалға ала алады. Жақын маңдағы дәмханада ыстық шай мен кофе ұсынылады. Жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін, мереке күндері сағат 01:00-ге дейін.
Ал Коменданткадағы коньки тебу алаңы қазір ашық тұр. Конькиді жалға алу мүмкіндігі бар, ыстық шай ішуге болатын орындар да жұмыс істейді. Жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, мереке күндері - 03:00-ге дейін.
Пікірлер