Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті “Есептегі элемент” жедел алдын алу іс шарасын өткізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұндағы басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту. Іс-шара барысында есепке алынған тұлғалар тексеріліп, олардың деректері жаңартылып, белгіленген тәртіпке сәйкестігі қадағаланады.
– Жедел алдын алу іс шарасы профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жүйелі тәсіл қызметтің тиімділігін арттырып, құқықтық тәртіпті нығайтады, – деді Солжағалау аудандық пробация бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Мұхтарбекқызы.
Есепке алынған адамдармен, әсіресе пробацияда тұрған адамдармен профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тек белгіленген талаптардың орындалуын бақылауға ғана емес, сонымен қатар ықтимал құқық бұзушылықтарды алдын алуға да көмектеседі.
– Есепке алынған тұлғаларды тексеру тәуекелдерді уақытында анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өңірдегі профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Пробация қызметінің аға инспекторы, аға лейтенант Каим Ожиканов.
Пікірлер