Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Тізбеге 31 азық-түлік атауы енді. Атап айтқанда, бірінші сортты бидай ұн, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді), рожки, қарақұмық жармасы (дән), тазартылған күріш (домалақ дәнді), картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа), қияр ("корнишондар"сортынан басқа) бар. Сонымен қатар алма, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, артылған ет, қой еті, оның ішінде сүйексіз, ылқы еті, оның ішінде сүйексіз, жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан) да кіреді.
Бұдан бөлек кеңейтілген тізімге тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті), ауық (ұшасы), майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қос- пағанда), майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда), қаймақ (лактозасызды қоспағанда), майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда), майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (I санатты), қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа), аc тұзы ("Экстра"-дан басқа) енген.
Бұйрық 24 желтоқсан күні ресми жарияланды. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 тауар кіреді. Олардың бағасына тұрақты бақылау жүргізіледі.
Пікірлер