Қазір жолдағы барлық құрылыс жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол Пермитин көшесін Е.П.Славский атындағы жағалаумен байланыстырады.
Көпір астындағы жол төрт жолақты болады, өзен жағында жаяу жүргінішілерге арналған тротуар және шағын алаң бар. Ұзындығы - 0,75 шақырым. Сонымен қатар бұл учаскеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды.
- Техникалық тұрғыдан жол ашық. Алдағы күндері бағдаршамдар іске қосылады, - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.
Осылайша, көпір астындағы жол айналмадағы кептелісті 20 пайызға азайтады деп күтілуде.
Пікірлер