Соңғы үш айда өңірде ЖРВИ-дің 125 143 фактісі тіркелді. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, ЖРВИ-ден бөлек тұмаудың 182 жағдайы расталған.
- Барлық жағдайда A/H3N2 вирусы, яғни «гонконг тұмауы» анықталды. Оның ішінде 92 14 жасқа дейінгі бала бар. A/H3N2 тұмауы — маусымдық вирус. Ол жыл сайын таралады, сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Бұл вирусқа қарсы шаралар бұрыннан әзірленген, - деді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.
Мамандар облыс тұрғындары арасындағы ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың жалпы деңгейі өткен эпидемиологиялық маусыммен сәйкес екенін атап өтті.
Пікірлер