A+ A A-

talgatzhan 26 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да 200-ден астам адам қысқа мерзімді курс арқылы жұмысқа тұрды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысы Альмира Мусинова айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, жұмыспен қамтуды белсенді қолдау шарасы ретінде жыл сайын жұмыссыз азаматтар үшін еңбек нарығында сұранысқа ие қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады.
Бұнда NEET санатындағы жастар, біліктілігін жоғалтқандар және жаңа мамандық алғысы келетін азаматтар да қамтылған.
–  2025 жылы 77 мамандық бойынша 448 жұмыссызды оқыту жоспарланған. Оның 70-і жұмысшы мамандықтарға (аспаз, тракторшы, электромонтер, дәнекерлеушілер және т.б.) жатады. 2025 жылғы 5 желтоқсанға жағдай бойынша қысқа мерзімді оқуға 425 адам жіберіліп, оның 248 адам оқуын аяқтады. 207 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Альмира Әскерханқызы.

Фото: Gov.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив