31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні облыс орталығындағы жаңажылдық мерекелік іс-шаралар түрлі аудандарда өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін үшін музыкалық-театрландырылған бағдарламалар бірнеше алаңда ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Республика алаңы, «Өскемен» аллеясы, Б. Александров атындағы Спорт сарайының артындағы Үлбі жағалауы, Комендантка, Защита, Ахмер.
Іс-шаралар сағат 21:00-ден 01:30-ға дейін өтеді. Ал сағат 01:00-де барлық алаңда бір уақытта отшашу болады.
Пікірлер