A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде ферросилиций өндіретін зауыт салынуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен бірнеше кездесу өткізді. Шетелдік кәсіпкерлер өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бахрейн Корольдігінде тіркелген халықаралық компания Өскеменде ферросилиций өндіретін зауыт салу мүмкіндігін пысықтауда. Инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Жоба аясында жергілікті шикізат пайдаланылып, шамамен 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвесторлар өндірісте заманауи экологиялық технологияларды қолдануға ерекше мән беріп отыр.

Сонымен қатар облыс әкімімен өткен жеке кездесуде HONGKONG BBGO INVESTMENT HOLDING компаниясының өкілдері Өскемендегі қалдық сақтау қоймаларын экологиялық рекультивациялау жобасын таныстырды. Компания Қытай, Малайзия және Лаос елдерінде 15 жылдан астам уақыт бойы экологиялық және ресурсты үнемдейтін жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

Ұсынылып отырған технология мыс, алтын, күміс және басқа да бағалы металдарды 80 пайыздан астам тиімділікпен алуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ мүлде қалдық қалдырмау қағидаты, тұйық су айналымы және өндіріс қалдықтарын қауіпсіз құрылыс материалдарына қайта өңдеу қарастырылған.

Аталған жобалар қазіргі уақытта пысықтау кезеңінде және өңірдің өнеркәсіптік әрі экологиялық дамуына елеулі үлес қосады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив