Ол бюджет қаражатын жымқыру фактісімен байланысты. Бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, 50-ге жуық білім беру қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ тәуекелдерді жою бойынша нақты ұсыныстар берілді. Қабылданған нақты шаралардың бірі - облыстағы барлық 343 мектепте қаржылық операцияларды бақылауға мүмкіндік беретін бұлтты есепке алу жүйесін енгізу.
- Бұған дейін білім беру ұйымдарында жалақы мен кез келген үстемеақыны есептеудегі бұзушылықтар аудиторлық тексеру арқылы ғана анықталатын. Енді бұлтты жүйенің арқасында барлығын онлайн түрде бақылауға болады. Дегенмен, өңірдегі мектептердің барлығы бұл жүйеге толығымен көшкен жоқ, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов.
Қазіргі таңда 54 ұйымның 23-і ғана бұл құралмен жұмыс істейді. Алдағы уақытта Антикор жағдайды бақылауға алып, мектептердің барлығына аталған жүйені енгізетін болады.
Пікірлер