A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 15:35 0

Енді мектеп директорлары 7 жылдан аса басшылық қызметте отыра алады

Бүгін / Республика

Мұндай өзгеріс туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте ол мәселенің жай-жапсарын жіті түсіндірді.

- Бізде ротация туралы арнайы бұйрық бар. Сол бұйрық бойынша, ротация бір елді мекеннің көлемінде ғана жүзеге асырылады. 7 жыл басшылық қызметте болған адам міндетті түрде ротацияға жатады. Бірақ бір елді мекенде бір немесе екі мектеп ғана болуы мүмкін. Ондай жағдайда басшылар бір-бірінің орнына отырып ротация жасай алады. Себебі, басқа елді мекенге ротацияланатын болса, оның барып-келу шығындарын, тұрғын үй шығындарын бюджет көтеру керек. Жергілікті бюджетте ондай шығын қаралмағандықтан, ротация мүмкін болмай жатады. Соның салдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы басшы болған адамдардың кейсін көріп отырмыз, – деді ол.

Сол себепті, министрлік қазіргі уақытта ротация ережесіне өзгеріс енгізуге дайындалып жатыр.

- Мектеп басшылары екі рет 5-5 жылдан, яғни, толыққанды 10 жыл бір мектепте директор бола алады. Одан кейін ротация жасай алмайды. Қызметін ауыстыруы керек. Осындай өзгеріс енгізіледі, – деп нақтылады Қаныбек Жұмашев.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив