A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 16:30 0

Жаңа жыл түні Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК Қазақстан өңірлеріндегі мереке алдындағы күндер мен Жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы күндері белсенді солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің барлық дерлік өңірінде жауын-шашын болады. Синоптиктердің мәліметінше, облыстардың басым бөлігінде қар жауады, ал оңтүстікте жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде түседі.

26 желтоқсаннан бастап республика бойынша ауа райының нашарлауы күтіледі: боран соғып, жел күшейеді, ал батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болуы мүмкін.

- Алайда 27 желтоқсанда циклонның орнын суық батыс антициклоны басып, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді: түнде елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде –25…–30 градусқа дейін, шығысында –22…–30 градусқа дейін суытады, — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Сонымен қатар синоптиктер 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда ауа температурасы салыстырмалы түрде қолайлы болатынын атап өтті.

- Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарды нағыз қысқы ауа райы күтіп тұр: жекелеген өңірлерде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, кей уақытта жел күшейеді, ал елдің оңтүстік бөлігінде қар аралас жауын жауады, — деді «Қазгидромет» өкілі.

Жаңа жыл түні аяз болады: ауа температурасы –1…–9 градус аралығында, күндіз шамамен 0 градус болады. Оңтүстікте күндіз ауа +5…+13 градусқа дейін жылынады, алайда 1 қаңтарда температура 0…–5 градусқа дейін төмендейді.

Астанада мереке күндері қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Түнде ауа температурасы –0…–2 градус, күндіз шамамен 0 градус болады.

Алматыда ауа температурасы салыстырмалы түрде жоғары — +3…+5 градус шамасында. Күндіз жаңбыр жауып, кейін қарға ұласуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив