ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Айыртау ауылының тұрғыны Сартымбет учаскесінің маңынан жаралы аққуды байқап, Ұлан ауданының учаскелік инспекторы Бақытжан Өтеулинге хабарлаған. Учаскелік инспектор ауылдық округ әкімдігінің маманымен бірге оқиға орнына барып, құстың жарақат алғанын анықтады. Осыдан кейін аққу ветеринариялық клиникаға жеткізіліп, мамандар тексеріс жүргізді. Жаралы құсқа дер кезінде көмек көрсетілді, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.
Пікірлер