Алдағы уақытта MaxiMall сауда орталығының жанында коньки тебуге арналған алаң ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сауда орталығы әкімшілігінің мәліметінше, ашылу 28 желтоқсанға жоспарланған болатын, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды. Мұз айдынының орны тұрақ аумағында орналасады. Соған қарамастан, көлікке арналған 1500 орын жеткілікті болады деп күтілуде.
Пікірлер