A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:25 0

ШҚО-да үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін / ШҚО

«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Глубокое ауданындағы Тарханка ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған бекет Тарханка, Винное және Веселое елді мекендерінде тұратын 3000-нан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Жобаны ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қолға алды, ал серіктес ретінде «Милейко»  ЖШС қолдау көрсетті.

Осындай маңызды шара Шемонаиха ауданында да өтті. Мұнда бірден екі өрт сөндіру бекеті Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында ашылды. Бағдарламаны іске асыруда «Белокаменское» ЖШС мен «Заря» шаруа қожалығы серіктес болды. Енді ол бекеттер Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово ауылдарында тұратын 1500-ден астам адам үшін қызмет көрсетеді.

Ашылған бекеттер тәулік бойы қызмет атқаруға арналған қажетті үй-жайлармен жабдықталған. Материалдық-техникалық жарақтандыру құрамына өрт сөндіру және құтқару құрал-жабдықтары, байланыс құралдары және жеке құрамға арналған арнайы киімдер кіреді.

Ашылу салтанатына ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар және аудан әкімдері қатысты.

Осындай маңызды нысандарды облыстың өзге де елді мекендерінде дамыту жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив