Жаңа 2026 жылға санаулы ғана күн қалды. BAQ.KZ сайтының тілшісі өңірлердегі тұрғындар мен қонақтардың жаңа жылды көңілді қарсы алуы үшін қандай жұмыстар жүргізгенін білді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, облыс бойынша Жаңа жыл науқанын өткізуге жалпы – 77 433 225 теңге қаражат қарастырылған. Бұл қаражат Жаңа жылдық шыршаны безендіру жұмыстарына жұмсалады.
Облыстың қала, аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша:
Риддер қаласы – 5 000 000 теңге;
Алтай ауданы – 9 000 000 теңге;
Ұлан ауданы – 1 200 000 теңге;
Шемонаиха ауданы – 14 230 000 теңге;
Зайсан ауданы – 7 000 800 теңге;
Катонқарағай ауданы – 4 000 000 теңге;
Үлкен Нарын ауданы – 4 000 000 теңге;
Марқакөл ауданы – 6 000 625 теңге;
Самар ауданы – 1 000 900 теңге;
Күршім ауданы – 2 000 000 теңге;
Глубокое ауданы – 24 000 900 теңге қаражат бөлінді.
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы берген ресми жауапқа сәйкес, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында “Аяз Ата, Ақшақар – 2025” халықаралық фестивалін, республикалық және облыстық деңгейдегі балаларға арналған Жаңа жыл мерекелік іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланған.
Бұл іс-шаралар аясында өтетін спектакльдер мен балаларға арналған Жаңа жыл шыршаларын ұйымдастыруға қажетті қаржы ШҚО драма және оперетта театрына бөлінген. Бұл қаражат мерекелік қойылымдарды дайындау, сахналық безендіру, шығармашылық ұжымдардың қатысуы және балаларға арналған мәдени-танымдық бағдарламаларды өткізуге бағытталады.
Ал ашық алаңдарда өтетін көше мерекелік акциялары, халықтық серуендер мен концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру қалалар мен аудандардың әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылады. Бұл іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өткізіледі. Жаңа жылдық жиындар балалардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және өңір тұрғындары үшін мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған.
Пікірлер