Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соның әсерінен қар мен боран күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
30–31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жаңбыр аралас қар жауады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады деп болжануда. Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.
30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы минус 2 градустан плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылы болады.
Пікірлер