Өңірде осы жылдың қорытындысы шығарылып, өңірдің дамуына күн сайын адал еңбегімен үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2026 жыл қарсаңында әлеуметтік сала, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар қызметі, көлік, бизнес және спорт салаларында еңбек етіп жүрген мамандар мемлекеттік, ведомстволық наградалармен және «Өз саласының үздігі» номинациясы бойынша марапаттарға ие болды.
Жалпы саны 100 шығысқазақстандықтың еңбегі бағаланып, арнайы марапаттар табысталды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов адал еңбек, кәсібилік пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтатын адал еңбек, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік - бүгінде мемлекет дамуының берік негізі. Құрметті жерлестер, сіздердің адалдықтарыңыз бен өз істеріңізге деген жанашырлықтарыңыз өңіріміздің өркендеуіне және жаңа жетістіктерге жетуіне зор үлес қосып келеді, - деді аймақ басшысы.
Шара соңында облыс әкімі марапат иелеріне ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы жылға толағай табыс тіледі.
Пікірлер