A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:00 0

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін жерлер тексерілуде

Бүгін / ШҚО

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ШҚО филиалы мамандары қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Мамандар Алтай ауданындағы бес және Катонқарағай ауданындағы төрт қар көшкіні ошағында визуалды тексеру жұмыстарын жүзеге асырды. Тексеру нәтижесінде Алтай ауданындағы қауіпті беткейлерде қар жамылғысының қалыңдығы 80 сантиметрге дейін, ал Катонқарағай ауданында 50 сантиметрге дейін жеткені анықталды. Сонымен қатар қар қабаттары құрылымын анықтауға бағытталған стратиграфиялық бақылаулар жүргізілді. Қазір аталған аудандарда қар көшкіні жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Дегенмен, мамандар көшкін қаупі бар аумақтар арқылы жүретін немесе бұл бағыттарда көлікпен қатынайтындарды барынша сақ болуға шақырады. Әсіресе шаңғышылар мен сноубордшылардың беткейлерді кесіп өтуі, сондай-ақ беткей етегінде ауыр техниканың қозғалысы қар көшкіні жүру қаупін арттыруы мүмкін.

Осыған байланысты «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды таулы аймақтарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үндейді. Қар көшкіні жүруі ықтимал аумақтарды алдын ала зерттеп, ауа райы қолайсыз кезде және қар жауып тұрған мезгілде тауға шықпау ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив