A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:30 0

Кезек 2 есеге қысқарды: Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді

Бүгін / Республика

Қазақстанда «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындар бөлудің жаңа механизмі енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба 20 қала, 16 ауданда жүзеге асырылып жатыр.

- Биыл «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру механизмін өңірлерде кеңінен тарату арқылы балабақшаларға кезек саны 2 есеге дейін азайды. Пилоттық жобаға 5,6 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 788 мың балаға ваучер берілді. Ваучерлік қаржыландыру 21,8 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеп, ол балаларға жаңа ваучерлер беруге қайта жұмсалды, - деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив