A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:00 0

2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түсті

Бүгін / Республика

Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Маңызды жұмыс бағыттарының бірі — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру. 2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түсті. Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Оған 50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды, - деп жазды Руслан Желдібай.
Оның айтуынша, елімізде өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отырады.
- Жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделеніп жатыр. Диалог офлайн-форматта да жүреді. Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-ден астам орталық жұмыс істейді. Биыл 360 мыңнан аса адамға тиісті көмек көрсетілді, - деп түйіндеді ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив