A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:00 0

Қысқы Паралимпиада ойындарына Қазақстан 2 спорт түрінен қатысады

Бүгін / Республика / Спорт

XIV қысқы Паралимпиада ойындарына жоспарлы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметте айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жарыстар 2026 жылдың 6-15 наурызында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 665 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр, олар 79 медаль жиынтығын сарапқа салады. 
Ұлттық команда 2 спорт түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан қатысуды жоспарлап отыр. Бұл спорт түрлері бойынша 38 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
- Бүгінге дейін ұлттық команданың 7 спортшысы 10 лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында парабиатлоннан әлем кубогының жалпы есепте жеңімпазы атанған тұңғыш қазақстандық және Хрусталь глобустың иегері Ербол Хамитов, 2022 жылы Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц бар, - деді Е. Мырзабосынов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, ойындарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 6 оқу-жаттығу жиыны өткізілген. 
Жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін пара шаңғы спорты және парабиатлон бойынша шетелдік жаттықтырушы-кеңесші Роман Петушковпен келісімшарт жасалған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив