Бүгін ШҚО Қорғаныс істері департаментінің бастамасымен Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай іс-шара өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - ерлік жолын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен патриоттық рухты қалыптастыру. Бүгін сағат 15:00-де “ADK” сауда орталығында, сағат 16:00-де “Maxi Mall” сауда орталығында Ұлттық ұланның әскери оркестрі өнер көрсетіп, ел қорғау идеясы дәріптеледі.
Пікірлер