A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:20 0

Өскеменде денсаулық сақтау саласына 5 млрд теңге тартылды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы шаһар басшысы Алмат Ақышов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тургенев көшесі, 30 мекенжайындағы ғимарат жөнделіп, лифт орнатылды. Жөндеуден кейін ғимаратқа Үлбі орталығының дағдарыс бөлімі және Демеу оңалту орталығы орналасты. Сонымен қатар Добролюбов көшесінде орналасқан бассейн жөнделді. Нәтижесінде ерекше қажеттіліктері бар балалар ем ала бастады.  Ахмер ауылында Гематология орталығы мен амбулаториялық емхана құрылысы аяқталуға жақын. Көпсалалы аурухана құрылысы да жалғасуда. Қала әкімінің айтуынша, биыл медициналық мекемелердің материалдық-техникалық инфрақұрылымын нығайтуға қала бюджетінен 4,9 млрд теңге бөлінді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив