Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында келесі жылы әзірленетін заң жобалары туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, 2026 жылға арналған заң жобалары жоспарының жобасы мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша дайындалған. Ол заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданды.
"Жоба 12 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Оның үшеуі Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайды. Президент тапсырмасына сәйкес, келесі заң жобалары әзірленеді: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оған ілеспе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әзірленген түзетулер", – деді Ерлан Сәрсембаев.
Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, жұмылдыру және оған ілеспе түзетулер әзірленеді.
Осылайша Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарланып отыр.
Пікірлер