2026 жылы Қазақстанда шетелден жұмысқа алуға квота жұмыс күшінің 0,25%-ын құрайды. Яғни, еліміздегі барлық жұмыс істейтін адамдардың өте аз бөлігі — 0,25% — шетелден келетін жұмысшыларға арналған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын ішкі еңбек нарығын қорғау үшін жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне қарай шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөледі. Мысалы, 2025 жылы квоталар 4 санат бойынша бөлінді:
Басшылар және орынбасарлары — 726 рұқсат
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары — 3 402 рұқсат
Мамандар — 5 893 рұқсат
Білікті жұмысшылар — 3 131 рұқсат
Сонымен қатар, маусымдық жұмыстар үшін 4 994 адамға дейін квота қаралған. Үй шаруашылықтарында жұмыс істеуге арналған квота 2025 жылы жұмыс күшінің 2,9%-ы шамасында белгіленген.
Пікірлер