A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:35 0

ШҚО полициясы Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік шараларын еске салды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаменті жаңа жыл мерекелері қарсаңында мерекелік күндердің тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, мерекелік іс-шаралар кезінде жол қозғалысының қарқындылығы артады. 

- Жаяу жүргіншілерден жолды тек белгіленген жерлерден және бағдаршамның рұқсат етілген белгісінде ғана өтуін сұраймыз. Жүргізушілер аса мұқият болып, жылдамдық режимін қатаң сақтауы, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқармауы және ауа райы жағдайларын ескеруі қажет, - делінген ресми ақпаратта. 

Сондай-ақ тек сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды қолданып, өндірушінің нұсқаулығын қатаң сақтау керек. Пиротехникалық бұйымдарды балаларға беруге және жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

- Заңнама талаптарына сәйкес 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің сағат 23:00-ден кейін ата-анасының, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне жол берілмейді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері азаматтарды жанған шамдарды және электр құралдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тек жарамды электр бұйымдарын пайдалану керек. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив