Бүгін Maxi Mall сауда орталығы жанындағы мұз айдынының техникалық ашылуы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары мұз айдынына келіп, коньки теуіп көре алады. Сауда орталығы әкімшілігінің мәліметінше, тұрақ аумағында орналасқан коньки тебу алаңы ресми түрде ашылмақ.
– Баршаңызды келіп, мұз айдынын тамашалауға шақырамыз. Қазір мұз бетін мінсіз күйге келтіру жұмыстары жүргізілуде, сондықтан толық ашылуы жақын күндері болады. Назар аудара кеткен жөн, коньки жалдау қызметі қазір де қолжетімді, – деп хабарлады сауда орталығының әкімшілігі.
Пікірлер