Бұл қызмет облыстық Ана мен бала орталығында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған медициналық мекемеде бірінші рет жас науқасқа наркоз арқылы МРТ тексеруі өткізілді. Енді бұл мүмкіндік ерте жастағы балаларға, сондай-ақ жасының кіші болуына, ауырсыну синдромына немесе денсаулық жағдайы ерекшеліктеріне байланысты процедура кезінде қимылсыз жата алмайтын науқастарға қолжетімді.
Орталық мамандары мәліметінше, тексеру алдында бала міндетті түрде медициналық тексеруден және арнайы дайындықтан өтеді. Ал МРТ барысында пациент дәрігер-анестезиологтар мен медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында болады.
- Процедура кезінде заманауи жабдықтар мен қауіпсіздігі дәлелденген сенімді дәрі-дәрмектер қолданылады. Бұл барлық кезеңде жұмыстың бақылауда болуын және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді, – деді Ана мен бала орталығындағылар.
Пікірлер