A+ A A-

talgatzhan 36 5-01-2026, 12:00 0

Қазақстанда жүргізушілер енді көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады

Бүгін / Республика

Бүгіннен бастап қазақстандық көлік жүргізушілері мемлекеттік тіркеу нөмірді өз қалауы бойынша таңдай алады. Яғни бұған дейінгідей «қандай нөмір түссе, соны аласың» деген тәртіп біртіндеп өзгеріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қандай мүмкіндік беріліп отыр?
Жаңа тәртіпке сәйкес, жүргізуші әріптер мен сандардың қалаған комбинациясын таңдай алады. Әрине, ол нөмір бос болуы және заң талаптарына сай келуі керек. Бұл жаңашылдық әсіресе «әдемі» нөмір алғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік.
5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 және 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды, – делінген ІІМ хабарламасында.
Бұрын ерекше нөмірлер тек арнайы тізім арқылы немесе шектеулі форматта берілетін. Ал енді таңдау аясы кеңейді.
Қайда және қалай рәсімделеді?
Мемлекеттік нөмірді таңдау қызметі арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі. Азамат көлігін тіркеу кезінде қалаған нөмір комбинациясын ұсынып, егер ол база бойынша бос болса, рәсімдей алады.
Процедура бұрынғы тіркеу үдерісінен аса қатты айырмашылығы жоқ – тек таңдау еркіндігі пайда болды.
Бағасы қанша?
Қалаулы нөмір үшін мемлекеттік БАЖ төленеді. Оның көлемі орта есеппен 10-15 айлық есептік көрсеткіш аралығында. Ал сұранысы жоғары нөмірлердің бағасы бұдан да қымбат болуы мүмкін. Баға комбинацияның танымалдығына тікелей байланысты.
Бұл өзгеріс не үшін енгізілді?
Мамандардың айтуынша, бұл қадам мемлекеттік қызметтерді халыққа ыңғайлы етуге, көлік тіркеу жүйесін заманауи форматқа көшіруге, әрі азаматтардың таңдау еркіндігін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл жаңашылдық көлеңкелі нарықтың алдын алуға да ықпал етуі мүмкін. Себебі бұрын бейресми жолмен «ұнаған нөмірді» алуға тырысқандар аз болмаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив