A+ A A-

talgatzhan 0 5-01-2026, 11:45 0

ШҚО-да ауыр халдегі науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

Бүгін / ШҚО

Жағдайы күрт нашарлаған азаматқа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санитарлық авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Зайсан қаласында тұратын 58 жастағы ер адамға жедел түрде мамандандырылған ем қажет болған. Осыған байланысты ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметінің «Ми-8» тікұшағы көкке көтерілді. Әуе кемесінің экипажында тәжірибелі ұшқыштар Сергей Пинигин мен Бауыржан Бөтенбаев, сондай-ақ санавиация дәрігерлері Лариса Величко мен Айгүл Күдербаева болған.
Медицина мамандары науқасты Зайсан қаласынан Өскеменге жедел жеткізді. Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби әрі үйлесімді әрекеті арқасында әуе тасымалы сәтті аяқталды. 
– Өскемен қаласына жеткізілген соң пациент жергілікті медициналық мекеме дәрігерлеріне тапсырылды. Айта кету керек, ҚР ТЖМ санитарлық авиациясы шалғай елдімекендердегі тұрғындарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, көптеген адамның өмірін сақтауға ықпал етіп келеді, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив