«Қазгидромет» филиалы мәліметінше, 6 қаңтар күні облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, ал солтүстік пен шығыс аудандарында оңтүстіктен соғады. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.Өскеменде түнде қар жауып, қарлы боран соғады деп болжануда. Көлік жолдарында мұз қату қаупі бар. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқуы мүмкін. Осыған байланысты ШҚО ТЖД өкілдері тұрғындарды ауа райы қолайсыздығына байланысты елдімекендерден тыс жерлерден шықпауға шақырады.
Пікірлер