Бұл туралы мәліметпен экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
5 қаңтар сағат 10:00-ден бастап қасқыр мен шибөрі атуға болады. Бұл жануар санын реттеу мақсатында іске асады. Рұқсат 31 желтоқсанға дейін берілген. Алайда ескере кететін жайт бар. Мәселен, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында қасқыр мен шибөрі атуға бірден рұқсат берілмейді. Ол үшін олардың үй жануарларына шабуыл жасағанын дәлелдеу қажет. Айта кетейік, рұқсат алу толық автоматтандырылған, www.elicense.kz веб-порталында қолжетімді.
Пікірлер