6 қаңтар күні Өскеменде тұрғындар үшін донорлық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акция аясында қан тапсырған барлық донорға Қан орталығы серіктестерінен естелік сыйлықтар беріледі. Іс-шара облыстық Қан орталығында өтеді. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11. Қан орталығына келесі автобус бағыттарымен жетуге болады: № 26, 17, 43а және 260 (аялдама – «Қан орталығы»).
Пікірлер