Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың басынан бері елдегі халық саны 195 480 адамға өскен. Көрсеткіш бойынша қала халқының саны 13 013 064 адамға жетсе, ауыл халқы 7 465 815 адам.
Халқы ең көп қалалар:
Астана — 1,63 млн адам
Алматы — 2,34 млн адам
Шымкент — 1,29 млн адам
Ал халқы ең тығыз орналасқан аймақ — Түркістан облысы. Онда шамамен 2,15 млн адам тұрады.
Мәселен, 2024 жылы 14 345 мың адам көшіп-қонса, былтыр 13 781 мың адам қоныс аударған.
Ерлер – 9 993 079 адам;
Әйелдер – 10 452 152 адам.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Better Life Index» әдістемесіне сәйкес, 2024 жылға арналған Қазақстандағы өмір сүру сапасының индексі көрсеткіштерін жариялаған болатын.
Аталған индекс ЭЫДҰ таңдауы бойынша елдің даму деңгейін сипаттайтын әл-ауқат көрсеткіштерін қамтиды. Мұнда халықтың материалдық немесе экономикалық әл-ауқаты ғана емес, сонымен қатар адам әлеуетін өсіруге байланысты маңызды аспектілер де ескеріледі. Қазақстан бірқатар көрсеткіш бойынша оң нәтижеге қол жеткізді.
Бюро деректеріне сәйкес, 2024 жылы халықтың моральды қолдауға қанағаттану деңгейі, яғни қиын сәтте иек артар жандардың бар екеніне деген сенім 93,3% құрады. ЭЫДҰ елдері бойынша бұл көрсеткіштің орташа деңгейі — 91%.
Пікірлер