Нарықты жаңғырту жобасы 130 миллион теңгеге бағаланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдиннің сөзінше, базар аумағында 900 шаршы метрлік тұрақты ғимарат салынды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ғимарат коммуналдық желілерге қосылған.
Анықталғандай, ішкі павильон пайдалануға беріліп, көршілес дүңгіршектерде жұмыс істейтін кәсіпорындар ғимаратқа көшірілді. Естеріңізге сала кетейік, Өскемендегі екі базар, «Заря» мен «Заречный» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінен мемлекеттік қолдау алды.
Пікірлер