Оқиға бүгін Сәтпаев даңғылы мен Өтепов көшесі қиылысында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті ақпаратынша, Chevrolet Onix көлігінің жүргізушісі Сәтпаев даңғылы бойындағы жолдың оң жағымен келе жатты. Бұрылып, жаяу жүргінші жолына таяғанда көліктер үшін бағдаршамда әлі жасыл түсіп жанып тұрған.
- Бірақ бұл уақытта жаяу жүргінші жолдан өтіп болайын деп қалған. Ал жылдамдығын азайтын үлгермеген жүргізуші адамды қағып кетпеу үшін рөлді бұрып жіберген. Дегенмен сонда да оны қапталдағы айнамен қағып кетті, - делінген ШҚО ПД ақпаратында.
Мәлім болғандай, жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Пікірлер