Президент бүгін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ шығарды. Онда былай делінген:
1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
МӘН-ЖАЙЫ
Мемлекет басшысы 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны белгілі. Үкімет басшысы Олжас Бектенов осыған орай біздің басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін экономиканың барлық салаларында серпінді технологияларды енгізу деді.
Фото: Ақорда
Пікірлер