A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 09:00 0

Көктайғақ, тұман, боран: Қазақстанның 14 өңірі мен Астанада ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

Қазақстанның 14 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-сі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

7 қаңтар күні Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, түнде облыстың шығысында 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Астанада 7 қаңтар күні аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, түнде екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Түркістан облысының батысы мен оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таулы асуларда солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман мен көктайғақ болжанады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысының батысы, солтүстігі және орталығында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні түнде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар мен боран болжанады, кей жерлерде қалың қар жауады, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Желдің екпіні түнде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысының шығысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, боран соғады. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Жел кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болжанады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив