A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 09:30 0

Өскеменде бес күн ішінде 1700-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

Бүгін / Өскемен

1-5 қаңтар аралығында облыстағы полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бес күн ішінде полицейлер 1725 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін қауіпті әрекеттермен байланысты.
– 1-5 қаңтар аралығында алкоголь тұтынып, мас күйде рөлге отырған 13 жүргізуші ұсталды. Олардың кейбірі медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Заң бойынша олар да жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер. 
Сонымен қатар, бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың қайтадан рөлге отыру жағдайлары тіркелді. Мұндай фактілер бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жалпы алғанда, бес күн ішінде 16 автокөлік арнайы тұрақтарға жеткізілді. Бұған техникалық ақаулар, міндетті құжаттардың болмауы секілді себептер негіз болған.
– Мереке күндері жол апатының негізгі себептері өзгермейді. Көбі асығыс-үсігіс қимылдап, салғырттыққа басып, мас күйде көлік басқарады, –деді құқық қорғау органдары өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив