A+ A A-

talgatzhan 36 Кеше, 10:00 0

Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады

Бүгін / Республика

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады. Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді. Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді. Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр үй құт-берекеге толсын! - делінген құттықтау мәтінінде.

Айта кетейік, Христиан әлеміндегі ең маңызды және салтанатты мерекелердің бірі — Рождество мерекесі. Ол Бетлехем (Вифлеем) қаласында Иса Мәсіхтің туған күнінің құрметіне тойланады. Әртүрлі конфессиялардың христиандары Рождествоны 25 желтоқсанда немесе 6-7 қаңтар күні тойлайды. Бүгінде бұл 100-ден астам елде ресми мереке болып саналады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив