A+ A A-

talgatzhan 53 7-01-2026, 09:45 0

Өскемендегі Ертіс көпірі мамыр айының соңында күрделі жөндеуден өтеді

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы кеше қалалық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте шаһар басшысы Алмат Ақышов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпірді жөндеу мамыр айының соңында басталып, 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
– Бұл, әрине, өкінішті жағдай. Өткен жылы мұндай шешімге баруға батылымыз жетпеді, алайда биыл көпірге толыққанды күрделі жөндеу қажет. Көлік кептелісін барынша азайту үшін қозғалыс сызбасын оңтайлы түрде әзірлеуіміз керек. Жұмысты ең қолайлы уақытта, яғни мамыр айының соңында, мектеп оқушылары демалысқа шыққан кезде бастаған жөн. Барлық жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс, – деді қала әкімі.
Көлік қозғалысын ұйымдастыру жоспары қаланың әкімшілік полициясымен бірлесіп пысықталады. Әкімнің айтуынша, көлік ағынын реттеу үшін кері қозғалыс енгізілуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары жолақтар бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Сонымен қатар қала әкімі «Таза Өскемен» қызметіне негізгі жөндеу басталғанша көпірдегі шұңқырларды қалпына келтіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Алмат Ақышов жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив