A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 12:15 0

Шемонаиха ауданында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Бүгін / Шемонаиха

Балықшылар Шемонаиха ауданындағы Убинка ауылынан 3 шақырым жерде үйлеріне жете алмай, қалып қойған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Боран екпіні күрт күшейіпті. Екі жеңіл көлік қар құрсауынан шыға алмай, ер адамдар құтқарушылар көмегіне жүгінді. Жол талғамайтын көлік тез арада жетіп, үш ер адамды эвакуациялады. Тұрғындарға медициналық көмек қажет болмаған.

- Өтімділігі жоғары техникамен оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Қар басқан ауыл жолымен зардап шеккендерге жеткен олар үш азаматты эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген ақпаратта. 

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері балық аулауға, табиғат аясында демалысқа шыққанда дауылды ескертулерді елемеуге болмайтынын ескертті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив