Синоптиктер 8 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында және Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Астанада 8 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ болжанады. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман болады.
Ақтөбе облысында түнде батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел орталық пен батыста 15 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.
8–9 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде төменгі деңгейдегі боран мен көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар және жаяу боран болады, шығысында тұман болады. Батыстан соғатын жел түнде 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында қар мен жаяу боран күтіледі. Шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар мен боран болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Батыс және солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз қар мен боран, солтүстігінде аздаған қар және боран болады деп болжанып отыр. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысында таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің батыс пен шығыстағы екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.
Пікірлер