A+ A A-

talgatzhan 50 8-01-2026, 10:00 0

Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр

Бүгін / Республика

Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр. 441 -і тізімге енген. Соның 274-і тексерілді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оларға 58 жарым миллион теңгедей айыппұл салынды. Көбінің заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет көрсеткені анықталды.
Біразы МӘМС бойынша өрескел қате жіберген. Медициналық көмекті көрсету стандарттарын, лицензиялық талаптарын өрескел бұзғаны да бар.
Мұндай клиникалардың көбі Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.
Тексеру жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив