Елде SIM-картаға қатысты жаңа талап күшіне енді. Бұдан былай телефон нөмірі биометриялық тексеруден өтпейінше жұмыс істемейді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Әр SIM-карта нақты бір адамға тіркелуі керек. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкеннен сатып алуға болады.
Бірақ оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы тіркелу қажет.
Смартфоны барлар мұны оператордың қосымшасы арқылы жасай алады. Ал интернеті жоқ немесе батырмалы телефон ұстайтындар байланыс орталығына барып тіркеледі.
Жаңа ереже бойынша бір адам ең көбі 10 SIM-карта ғана ала алады.
Бұл өзгеріс интернет-алаяқтықты азайту үшін енгізілді. Себебі соңғы уақытта алаяқтар тіркелмеген нөмірлерді жиі пайдаланған.
Пікірлер